Нұр-Сұлтан 26.7°
×
17.12.2021, 09:30
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Бүгін ауа райы қандай болмақ

Бүгін, яғни 17 желтоқсанда болатын ауа райына Қазгидромет  болжам жасады, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгін ауа райы қандай болмақ

Синоптиктердің айтуынша, солтүстік-батыс циклонның әсерінен еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында жауын-шашын жауып, арты қарға ұласуы мүмкін.

Ал республикамыздың басым бөлігінде жел күшейіп, айналаны тұман басады. Атап айтсақ, Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейсе, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман басып, қатты жел тұрмақ. Сол сияқты Павлодар облысының солтүстігі мен батысында да, Қостанай облысының солтүстігінде де, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында да дәл осындай жағдай күтілуде.

Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында, Алматы облысының Алакөл ауданында, Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз күн ашық болса, түнде жел қарқыны күшейе түспек.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері