Кореялық LG компаниясы электр желісіне қосылмай-ақ жұмыс істейтін шағын теледидарды таныстырды, деп хабарлайды Elorda.info The Verge басылымына сілтеме жасап.
Теледидар батареяның күшімен жұмыс істейді. Толықтай бір қуаттаған соң, ол үш сағат бойы тоқтаусыз жұмыс істей алады.
Құрылғыға Smart TV функциясы қосылған, соның арқасында Netflix, Amazon Prime Video және YouTube желілерінен контент трансляциялай алады. Құрылғының артқы панелінде USB және HDMI порттары орналасқан.
Жаңа құрылғының астында дөңгелекшелер орналасқан, сол арқылы оны әртүрлі орынға жылжытуға болады.
LG бұл теледидарды алдағы жылы қаңтарда өтетін CES 2022 көрмесіне қойып, бағасын жариялайды.