Нұр-Сұлтан 20.6°
×
15.12.2021, 16:50
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Ресейде оқитын қазақстандықтар Тәуелсіздікке тарту жасады (ВИДЕО)

Калининград облысында тұратын Қазақстанда туған жастар ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ерекше сый дайындады. Олар тастардан еліміздің туын салды, деп хабарлады Elorda.info.

Акцияға қатысушылар осылайша Қазақстанды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтағысы келгенін айтты.

«Символдық мәні бар акцияны қазақстандықтар мен ресейліктер арасындағы достықты көрсету мақсатында ұйымдастырып жатырмыз. Себебі бұл достық шекара және қашықтықпен шектелмейді. Себебі Қазақстан мен Ресей арасындағы достық мына гранит тастарынан да берік», - деді Кант атындағы Балтық федералды университетінің студенті, Семейден Калининград қаласына оқуға барған Нұрсұлтан Қияқбаев.

Мемлекеттік туды Балтық теңізі жағалауында салуға бес сағат уақыт пен 1 072 тас кеткен. Акцияға Кант атындағы Балтық федералды университетінің студенттерінен бөлек, Ресей президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының батыс филиалының студенттері қатысты. Мемлекеттік туды жеті адам салып шықты.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері