Нұр-Сұлтан 18.8°
×
14.12.2021, 23:22
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстандықтар желтоқсандағы мерекелерде қайда ұшады

Aviasales.kz сарапшылары желтоқсанның орта тұсына таман Қазақстаннан шетелге әуе билеттеріне сұраныстың күрт өскенін, нақтырақ айтсақ 31%-ға артқанын байқады. Ең танымал бағыттар болып Ресей, Түркия және БАӘ саналады, деп хабарлайды Elorda.info.

Қазақстандықтар желтоқсандағы мерекелерде қайда ұшады

Бәрінен бұрын сұраныс Біріккен Араб Әмірліктеріне жоғары болып тұр (34%), бір қызығы, қазақстандықтар бұл елге көпке емес, орташа есеппен 4-5 күнге барып қайтуды жоспарлап отыр. Қазақстаннан БАӘ-не билеттің орташа құны бір бағытқа шамамен 97 мың теңгені құрайды. 

Енді біреулер Дубайдың ыстық жағажайларынан гөрі Стамбул көшелерімен серуендейді артық көреді, 16 желтоқсан күні бұл қалаға ұшатын рейстерді брондау көрсеткіші 17%-дан жоғары болып отыр. Орташа есеппен Стамбулға билет 91 мың теңгенің айналасында. 

Ал Ресейге барғысы келетін қазақстандықтар ол жақта көбірек, кемінде екі аптадай уақыт болып, жаңа жылға қарай бір-ақ оралуды ойластыруда. Танымал қалалардың ішінде Мәскеу, Санкт-Петербург және Новосібір бар. Ресейге жету орташа есеппен 87 мың теңгеден сәл асады.

Ішкі рейстерге сұраныс та оқыс өскен. Өткен айдағы орташа көрсеткішпен салыстырғанда 42%-ға көп. Көбіне әуе билеттері Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Атырау қалаларына баратын рейстерге сатылған. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері