Нұр-Сұлтанда биылғы 11 айда коронавирустық инфекциямен күрес аясындағы іс-шараларға 42,6 млрд теңге жұмсалған, деп хабарлады Elorda.info.
«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2021 жылдың 11 айында коронавирустық инфекциямен күрес аясындағы іс-шараларды қаржыландыру 42,6 млрд теңгені құрады», - деді брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.
Оның ішінде:
Естеріңізге сала кетсек, коронавирустық инфекциямен немесе орташа, ауыр және аса ауыр деңгейдегі пневмониямен ауырған пациенттер Медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен оңалтудан өте алады. Азаматтар үйінде емделді ме, әлде ауруханада емделді ме, оған қарамайды. Медициналық оңалтуға жолдама реабилитолог маманның қатысуымен аурухананың немесе емхананың мультидисциплинарлық командасының қорытындысы бойынша беріледі.
Оңалту қажеттілігін бағамдау барысында тыныс алу органдарының қызметі (сатурация деңгейі, КТ/рентгенографиядағы өзгерістер) және күнделікті өмірге қабілеті секілді негізгі көрсеткіштер тексеріледі.