Нұр-Сұлтан 11.6°
×
10.12.2021, 15:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елбасының идеясы отандық білім жүйесінің дамуына қалай ықпал етті

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың зияткерлік мектептер желісін құру туралы идеясы отандық білім жүйесін дамытуға қалай оң ықпал еткені "Уникальная НИШа" атты деректі фильмде баяндалады.

Елбасының идеясы отандық білім жүйесінің дамуына қалай ықпал етті

Назарбаев зияткерлік мектептеріне Тұңғыш Президенттің есімі тегіннен тегін берілген жоқ. Бұл білім беру жобасы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап адами капитал сапасын көтеруге ерекше назар қойған Елбасының бастамасымен құрылған еді, деп жазады  Елбасы Kazpravda.kz.

Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі алғашқы оқу жылы 2008 жылы басталды. Үздік академиялық және инновациялық жобаларды біріктіріп, оқытушылық құрамды әзірлеу, осылайша НЗМ бағдарламасын құру оңай болмады.

“Біз бүгінге дейін 14 мыңдай түлек ұшырдық. Олардың 24%-ы Назарбаев университетіне оқуға түседі. Шетелге кеткен балаларымыз фаундейшн оқымастан бірден 1-курсқа қабылданады. Он жыл ішінде әйгілі The Ivy League құрамына кіретін университеттге 12 баламыз қабылданды. Биылдың өзінде 7 баламызға Гарвард, Стэнфорд және МІТ университеттерінен шақырту келді”, – дейді НЗМ басқарма төрағасы Күләш Шәмшидинова.

Мектептің физика-математика бағытындағы мұғалімі Гүлнәр Әпеева да НЗМ түлектерінің әлеуетін жоғары бағалайды.

“Біздің балалар әлемнің әртүрлі елдерінде жұмыс істейді, олар үлкен сұраныста, демек деңгейлері де соған лайық деген сөз. Бір мысал келтірейін, оқушыларымның бірі маған хат жолдапты, онда әлгі шәкіртім Пусан университетінде өз факультеті бойынша рейтингте бірінші екені жазылған”, – деп ағынан ақтарылады ол.

Кембридж университетінің профессор Дэвид Бриджес бастапқыда НЗМ желісінің амбициясына сәл күмәнмен қарағанын жасырмайды.

“Қойылған міндеттер мен үшін тым күрделі әрі оны орындау мерзімі тым таяу болып көрінгені рас. Сөйтсем Күләш Шәмшидинова бастаған талантты команданың өз ісіне адалдығы мен махаббатын дұрыс бағаламаған екенмін”, – дейді профессор.

Қазіргі таңда НЗМ республикамыздың барлық өңірін қамтиды. Бұл мектептер желісі отандық орта білім жүйесінің драйверіне айналып, жас толқынға тамаша мүмкіндіктер ұсынып келеді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері