Нұр-Сұлтан 20.6°
×
10.12.2021, 14:25
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

115 жылқы ұрлады деген күдікті Мәскеуде ұсталды

Мәскеуде 115 жылқы ұрлап, жасырынып жүр деп күдіктелетін азамат ұсталды, деп хабарлады Elorda.info.

115 жылқы ұрлады деген күдікті Мәскеуде ұсталды

Павлодар облысының 54 жастағы тұрғыны сот төрелігінен қашып, елден тыс жерге кеткен.

Полиция қызметкерлері Ресей Федерациясы Мәскеу қаласының қылмыстық іздестіру бойынша әріптестерімен бірлескен жедел іс-шаралары нәтижесінде, қашқынның жүрген жерін анықтады.

“Ер адам Мәскеу метроларының бірінде ұсталды. Ол полициядан үш жыл бойы жасырынған. Қазіргі уақытта бірқатар қажетті тексерулер жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау туралы мәселе шешілетін болады”, – делінген хабарламада.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері