Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов Astana LRT ісіне қатысы бар адамдардың халықаралық іздеуде екенін мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
«Олар халықаралық іздеуде, интерполдың бақылауында бар. Бізде ұстап беру, экстрадиция барлық елмен жоқ. АҰШ-тың ГРЕКО ұйымына кірдік. Біздің келесі жоспарымыз жемқорлық жасаған адамдарды ұстап беру, қайтару бойынша шартты келісімге қол қоюды пысықтап жатырмыз. Интерполдағы тізімдегі адамдардың қабылдануы прокуратураның тізіміне жатады», – деді М.Ахметжанов.
Сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов жалақысы туралы айтты.
«Мен осы қызметке тұрғанда да жалақымды айттым. Ол жасырын емес. Қазір менің жалақым 1 млн 200 мың теңгені құрайды», – деді ол.