Нұр-Сұлтан 24.1°
×
09.12.2021, 08:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстанға қатты аяз келе жатыр

Қазгидрометтің синоптиктері 9, 10 және 11 желтоқсанда елімізде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Elorda.info.

Қазақстанға қатты аяз келе жатыр

Болжамға сәйкес, 9 желтоқсанда ел аумағының басым бөлігі антициклонның ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сондай-ақ, түнде Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы 20-25 градусқа дейін, кей жерлерде 30 градусқа дейін төмендейді.

"10 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 35 градусқа дейін аяз болады. Қара теңіз облыстарынан келетін циклон еліміздің батыс облыстарына әсер етіп, алдағы екі күнде ол шығысқа қарай жылжиды. Республиканың қалған бөлігінде жауын-шашын, көктайғақ, секундына 15-25 метр жел күшейді", — делінген хабарламада.

11 желтоқсанда солтүстік облыстарда бұрқасын, сондай-ақ 5-10 градусқа дейін аяз болады, кей жерлерде 15-20 градусқа дейін аяз күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 25 градус аяз болады деген болжам бар.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері