Нұр-Сұлтан 27.8°
×
08.12.2021, 10:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Балаларды унитазға байлап қорлағандар сөгіс алумен құтылды

Атырауда мүгедек балаларды унитазға байлаған арнайы орталық тәрбиешілерінің іс-әрекетінен қылмыстық құқықбұзушылық белгілері анықталмаған, деп хабарлады Elorda.Info.

Балаларды унитазға байлап қорлағандар сөгіс алумен құтылды

Унитазға байланған балалардың видеосы жаз айларында әлеуметтік желілерде тарап, қоғамда резонанс туғызған болатын. Көп уақыт өтпей бейнероликтің Атыраудағы №3 арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында түсірілгені анықталды. Кадрдан горшокта отырған балалардың төсек жаймамен мүгедектерге арналған унитаздың тұтқасына байланғанын көруге болады.

Бұл видео қазақстандықтардың ашуын келтірді. Депутаттар, тіпті, арнайы тексеріс жүргізетіндерін мәлімдесе, полиция Қылмыстық кодекстің 110-бабы «Қинау» бойынша сотқа дейінгі тергеу бастаған еді. Сөйтіп, орталықтың екі тәрбиешісі күдікке ілінді.

Жергілікті полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы фактіден кейін прокуратура кешенді тексеріс жүргізген. Дегенмен, тәрбиешілердің әрекетінен қылмыстық құқықбұзушылық белгілері табылған жоқ.

Облыстық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Альфия Төлеғариеваның айтуынша, роликте 8 сәуірде болған жағдай түсірілген.

«Бұл оқиға бойынша орталық ұжымымен кездесу өткізіліп, түсіндіру жұмысын жүргізілді. Бұдан бөлек, әлеуметтік мекемеге прокуратура қызметкерлері, депутаттар мен басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерінен құралған кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия да келіп кетті. Тиісті бақылау жасамағаны үшін директорға қатысты қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданды», – деді Альфия Төлеғариева.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері