65 жастағы астаналық әйелді қар тазалап жатқан шағын көлік басып кетті, деп хабарлайды Elorda.info Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«7 желтоқсанда сағат 15:45 шамасында шағын қар тазалайтын көлік жүргізушісі Тілендиев даңғылының бойында қар тазалап жатып артқа шегінгенде, тротуармен келе жатқан 65 жастағы жаяу жүргіншіні басып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел оқиға орнында қаза тапты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр», – делінген хабарламада.