Нұр-Сұлтан 17°
×
07.12.2021, 08:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстандықтар IT-машықтарды жетілдіруге арналған тегін курстан өте алады

6 желтоқсаннан бастап Microsoft Global Skilling Initiative бағдарлама іске қосылды. Microsoft компаниясының ІТ-машықтарды дамытуға арналған бұл жаһандық бағдарламасы аясында қазақстандықтар да өздерінің цифрлық дағдыларын жетілдіре алады, деп хабарлайды Elorda.info.

Қазақстандықтар IT-машықтарды жетілдіруге арналған тегін курстан өте алады

Талап білдірген кез келген қазақстандық тұрғын өзіне ұнайтын мамандықты – мейлі графикалық дизайнерден бастап жоба менеджеріне дейін – меңгеріп, аталмыш бағдарлама бойынша кәсіби сертификат ала алады.

Бағдардама аясында қатысушылар LinkedIn Learning және Microsoft Learn ұйымдастырған вебинарлар мен онлайн-курстардан өтіп, меңгерген білімін GitHub зертханасында пайдалана алады.

Жекелеген машықтардан бөлек, дата-сарапшы, графикалық дизайнер, бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуші, қаржы сарапшысы, диджитал маркетолог, ІТ-әкімші немесе жоба менеджері секілді жаңа мамандықтарға арналған қосымша білім үйренеді.

Бағдарламаға қатысқысы келетін адамның бұрынғы жұмыс тәжірибесіне немесе жасына байланысты ешқандай шектеу қойылмайды. 

Бағдарламаға мына сілтеме арқылы жазылуға болады. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері