Нұр-Сұлтан -10.1°
×
04.12.2021, 12:05
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада мыс кабель ұрлаған ұрылар ұсталды

Нұр-Сұлтанда 115 метр мыс кабелін ұрлаған 4 азамат ұсталды, деп хабарлады Elorda.Info.

Елордада мыс кабель ұрлаған ұрылар ұсталды
фото: egemen.kz

Қалалық полиция департаментінің мәліменше, 25 пен 32 жас аралығында елорданың 4 тұрғыны таңғы сағат 04:00 шамасында өңірлік электр желілері компаниясының мыс кабелін ұрлаған. Олар Керей Жәнібек хандар мен Әлихан Бөкейхан көшелері қиылысындағы люк қақпағын шеге суырғышпен ашып, кабель шахтасына түскен. Ұрлық сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

«Ұрылар 115 метр мыс кабелін алып кеткен. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер ұсталды. Олар бұған дейін бірнеше рет сотталған қала тұрғындары болып шықты. Ұрланған кабель көлік жүксалғышынан табылды. Қазіргі уақытта күдіктілер полиция департаментінің уақытша оқшаулағышына қамалды. Олардың қала аумағында жасалған осындай қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр», – делінген ведомство ақпаратында.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері