Нұр-Сұлтан -8°
×
04.12.2021, 09:41
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

40 млн теңгені қолды еткен «Қазпошта» қызметкерлері ұсталды

Батыс Қазақстан облысындағы  «Қазпошта» АҚ БҚО филиалы пошта бөлімшелерінің бірінде қызмет ететін екі әйел 40 млн теңгені жымқырғаны үшін ұсталды, деп хабарлады Elorda.Info.

40 млн теңгені қолды еткен «Қазпошта» қызметкерлері ұсталды
фото: Ernur.kz

Аймақтың экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, осы іске байланысты ҚР ҚК 189-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Белгілі болғандай, күдіктілер келтірген залал көлемі 33 млн теңгеден асады. Олар ЖШС өкілінің осы серіктестік есепшотына аудару үшін тапсырылған қаражаттың бір бөлігін алған. Бұған қоса зейнеткерлерге тиесілі 7 млн теңгені қолды қылған.

Қазіргі таңда күдікті екі әйел уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері