Нұр-Сұлтан -11.7°
×
03.12.2021, 18:20
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Баспасөз – 2022: Елордада басылымдарға жазылу жүріп жатыр

Нұр-Сұлтан қаласында келер жылға басылымдарға жазылу басталды, деп хабарлады Elorda.Info.

Баспасөз – 2022: Елордада басылымдарға жазылу жүріп жатыр

Бүгін елордада «Жазылым күні» аталып өтілуде. Астаналықтар «Қазпошта» АҚ-ның филиалына келіп, 2022 жылға газет-журналдарға жазылып жатыр.

«Бүгін жылдағы дәстүрге сай келер жылға басылымдарға жазылу шарасы өтіп жатыр. Жазылым күні біз үшін мереке. Иә, қазір интернеттің заманы, дегенмен дәстүрді ешнәрсе бұза алмайды. Елорда жұртын газет-журналдарға жазылуға шақырамыз», - деді «Қазпошта» АҚ-ы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының директоры Бақытжан Мәлікова.

25 желтоқсанға дейін астаналық оқырмандар «Егемен Казахстан», «Казахстанская правда», «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана», «Төртінші билік», «National Geographic Kazakhstan» және тағы басқа республикалық және қалалық басылымдарға жазыла алады.

«Өткен жылы пандемияға байланысты басылым күнін атап өте алмадық. Биыл жағдай оңтайлы. Бүгінгі шараның арқасында біраз оқырман тартамыз деген үміттемін. Біздің газеттің 1 ғасырдан астам тарихы бар. Газет-журнал оқитын оқырмандар саны арта берсін», - дейді «Казахстанская правда» газетінің бас редакторының орынбасары Сәбит Молдыбай.

Сондай-ақ, алғаш болып жазылған оқырмандарға «Қазпошта» және басылым редакциясы атынан сыйлықтар қарастырылған.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері