Нұр-Сұлтан -10°
×
03.12.2021, 18:00
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елімізде картоп экспортына шектеу енгізілуі мүмкін

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев қазақстандық картопты елден шығаруды шектеу мәселесі қаралып жатқанын айтты, деп хабарлады Elorda.Info.

Елімізде картоп экспортына шектеу енгізілуі мүмкін

«Биыл Ресейде егін жинау өткен жылмен салыстырғанда 8,3%-ға аз. Сондықтан көршілер картопты бізден сатып алуда. Осыған орай біз қыс мезгілінде бағаның күрт көтерілуіне жол бермеу үшін үш айлық шектеуді қарастырамыз», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі.

Сондай-ақ, шенеунік Қазақстанда биыл картоп түсімі бұрынғыға қарағанда 100 мың тоннаға аз жиналғанын еске салды.

Егер көрші елдер басқа нарықтарды тауып, қыста және көктемде бағаның өсуі қаупі болмаса, онда картоптың экспорты шектелмейді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері