Нұр-Сұлтан -8°
×
03.12.2021, 12:10
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

ҚР бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы күшіне енді

ҚР бас санитар дәрігерінің Қазақстанға "омикрон" штамын кіргізбеу шаралары туралы соңғы қаулысында шетелден ұшып келетін жолаушыларға ерекше шектеулер қолданылады, деп хабарлады Elorda.info.

ҚР бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы күшіне енді

Қазақстанға келген және соңғы 14 күн ішінде Аустралия, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Египет, Израиль, Италия, Канада, Нидерланд, Чехияға барған адамдар 7 күн бойы үйде оқшауланады (үй карантині). Бұл елдерден келген жолаушылар коронавирусқа қарсы вакцинасы және теріс нәтиже шыққан ПТР-анықтамасы болғанына қарамастан, үй карантиніне жіберіледі.

Құжатта айтылғандай, Қазақстанға әуе рейсімен келген барлық жолаушы мемлекеттік шекараны кесіп өтерде міндетті түрде теріс нәтижелі ПТР-анықтамасын (қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде) көрсетеді. Тест нәтижесі 3 тәуліктен асып кетпеуі тиіс. Ересектердің анықтамасы болған жағдайда, 5 жасқа дейінгі балалардан ПТР-тест талап етілмейді.

Сондай-ақ Израиль, Чехия, Нидерланд, Ұлыбритания, Италия, Германия, Аустралия, Канада, Бельгия және Египеттен келген азаматтар вакцинаның екі дозасын салдырғанына қарамастан, мерзімі 72 сағаттан аспаған теріс нәтижелі ПТР-анықтамасын көрсетуге міндеттеледі. Бұл талап бес жасқа дейінгі балаларға қатысты емес.

Халықаралық транзитпен жүрген жолаушыларға транзит аймағынан шығуға тыйым салынады.

Бұған қоса, Қазақстанға шет елден ұшып келген барлық адамның (Қазақстанның үкіметтік делегациялары, әуе компаниялары экипажын қоспағанда) дене қызуы өлшенеді, анкета толтырады және 3 тәуліктен аспаған ПТР-анықтама ұсынады.

Қаулының толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Құжат 2021 жылы 3 желтоқсанда сағат 00.00-де күшіне енді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері