Нұр-Сұлтан -10.1°
×
03.12.2021, 12:35
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Германиядан экстрадицияланды

ҚР Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Германиядан халықаралық іздеуде жүрген Ресей азаматы Сергей Шубинді экстрадициялады, деп хабарлады Elorda.info.

Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Германиядан экстрадицияланды

Шубин ақмолалық кәсіпкердің 170 000 еуро сомасын ет өңдейтін неміс жабдығын жеткізу амалы арқылы алаяқтық жолмен иемденді деп күдіктелуде.

“Қазақстан мен Германия арасында іздестіріліп жатқан адамдарды ұстап беру туралы шарт болмағанымен, Бас прокуратура айыпталушыны экстрадициялау туралы неміс тарапымен келісімге халықаралық құқықта қолданылатын өзара түсіністік қағидаты негізінде қол жеткізді”, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта С.Шубин Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері