Нұр-Сұлтан -10.9°
×
02.12.2021, 18:30
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Коронавирусқа қарсы екпе алу міндеттелуі мүмкін

Еуропалық Одақта азаматтардың коронавирусқа қарсы міндетті вакцинациясы туралы мәселесі қызу талқылануда. Еурокомиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен мәлім еткендей, ЕО елдері тұрғындарының үштен бірі, яғни 150 млн азамат вакцина салдырмаған, деп хабарлады Elorda.Info.

Коронавирусқа қарсы екпе алу міндеттелуі мүмкін

Еурокомиссия басшысының айтуынша, жас шектеулері мен қарсы көрсетілімдері ескеріле отырып, халықтың басым бөлігі коронавирусқа қарсы екпе алуға міндетті. Бұл ретте осы мәселенің Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің құзыреттілігінде екені айтылды.

Бұдан бөлек, Еуропаның 11 елінде коронавирустың «омикрон» штамы анықталғаны белгілі болды.

Грузия «жасыл төлқұжат» деп аталатын вакцина паспортын енгізді. Бұл төлқұжат арқылы 18 жастан асқан азаматтар қоғамдық орындарға еркін бара алады. Ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің шешіміне сәйкес, толық вакцинацияланған, ПТР-тестілеуден өткен немесе инфекциямен ауырып сауыққан адамдар ғана тамақтану орындарына, ойын-сауық орталықтарына, кинотеатрларға, театрларға, мұражайларға, концерт залдарына және басқа да қоғамдық мекемелерге бара алады.

Қазіргі уақытта Грузияда коронавирусты жұқтырудың 850 102-дің фактісі тіркелген. Ал індеттен қайтыс болғандардың саны 12 119-ға жетті.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері