Нұр-Сұлтан -10°
×
02.12.2021, 16:50
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Мысырда жүрген қазақстандықтар 23 әуе рейспен елге қайтарылады

«Omicron» штамы Қазақстанда таралмауы үшін Мысырда саяхаттап жүрген отандастарымыз кері қайтарылатын болды, деп хабарлады Elorda.Info.

Мысырда жүрген қазақстандықтар 23 әуе рейспен елге қайтарылады

Қазақстан туроператорлар қауымдастығының мәліметінше, қазіргі кезде 4 мыңдай Қазақстан азаматы Мысырда жүр.

«Қазіргі уақытта Мысырда шамамен 4000 турист бар. Олардың бәрі жақын күндері «Air Astana» әуе компаниясының 23 репатриациялық рейсімен Қазақстанға кері қайтарылады. Қазір Мысырдағы азаматтарға алаңдамауды және барлық санитарлық шараны сақтауды өтінеміз. Мысырға жаңажылдық тур сатып алған туристер бағытты өзгерте алады. Әуе қатынасы ашылғанға дейін қаражатын сақтай алады немесе ақшасын қайтара алады», – делінген ресми хабарламада.

Қазақстанда COVID-19 таралуын алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 3 желтоқсаннан бастап жаңа шектеу енгізеді. Соның ішінде Мысырмен әуе қатынасын тоқтата тұру туралы шешім қабылданды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері