Нұр-Сұлтан 19.1°
×
02.12.2021, 16:10
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Әскери институттың 210 курсанты сабақтан қашып кеткен

ҚР Қорғаныс министрлігі әскери институтты өз бетімен тастап кеткен курсанттарға қатысты ресми түсінік берді, деп хабарлады Elorda.Info.

Әскери институттың 210 курсанты сабақтан қашып кеткен

Министрліктің мәліметінше, 2021 жылдың 1 желтоқсанында 18.00-ден кейін Құрлық әскерлері әскери институтының төртінші курсында білім алып жүрген 210 курсант оқу орнын өз бетінше тастап кеткен.

Бүгін сағат 09.00-де барлық курсанттар сабақтарында болған.

Институт бастығы, генерал-майор Дулат Адырбековтың айтуынша, курсанттардың институтты өз бетімен тастап кетуі кадрлық тағайындаумен келіспеуден, яғни факультет (курс) бастығының ауысуымен байланысты. Сонымен қатар олар бұрынғы басшыны қайтаруды сұраған. 

Курсанттардың ата-аналарына орын алған жағдай туралы ескертілді. Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдиновтың басшылығымен арнайы комиссия аталмыш факті бойынша тергеу жүргізуде.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері