Нұр-Сұлтан -7.9°
×
01.12.2021, 19:30
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

"Жыл волонтері-2021" халықаралық сыйлығының жүлдегерлері анықталды

Елімізде "Жыл волонтері-2021» халықаралық сыйлығының жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды Elorda.info.

"Жыл волонтері-2021" халықаралық сыйлығының жүлдегерлері анықталды

Байқау қорытындысы бойынша, «Ең үздік волонтерлік топ» номинациясы «Выпускники ACCESS города Шымкент «ASАА» жастар қоғамдық бірлестігі, Қарқаралы ауданының "JasStar" волонтерлер желісі және «Жерұйық Кеген жастары» қоғамдық ұйымы танылды.

«Корпоративтік волонтерлік көшбасшысы» жүлдесі Әлия Сәтпаева, Диана Иконникова, «Іле жүрегі» еріктілер тобы және Жандос Әбдіжаппаровқа бұйырды.

«Коронавирус инфекциясымен күреске қатысқаны үшін» Қайсар Қарқын, Тамерлан Турсумбеков және Саят Қанатұлы марапатталды.

«Тұрақты даму мақсаттарының көшбасшысы» номинациясына Диляра Бегалықызы, Данил Цой және «Добрая планета» қайырымдылық қоры лайық деп танылды.

«Үздік әлеуметтік көмекші» номинациясына «Дар» қоғамдық қоры, Жанерке Бексейітова, «Астана Қайырымды Жандары» бірлестігі лайық деп танылды.

«Төтенше жағдайларды жоюға белсене қатысқаны үшін» номинациясына Дастан Ерубаев, «Үміт» волонтерлік тобы, Әлібек Мұса лайық деп танылды.

«Ұшты-күйлі жоғалған жандарды іздеуге белсене қатысқаны үшін» номинациясына Матвей Шведин, «Дос» іздеу-құтқару отряды, «Волонтеры Астана Lider.kz» бірлестігі лайық деп танылды.

«Құқықбұзушылық құрбандарына көмектесуге белсене қатысқаны үшін» номинациясына Баян Медеубаева лайық деп танылды.

«Денсаулық сақтауды дамытуға белсене қатысқаны үшін» номинациясына «Медицинская молодежь» республикалық қоғамдық бірлестігі, Дана Бектұрғанқызы, Мәдина Совет, Әйгерім Пономарева лайық деп танылды.

«Салауатты өмір салтын насихаттауға белсене үлес қосқаны үшін» номинациясына "Мейірім-2020" еріктілер қозғалысы, Екатерина Ушакова, Индира Исабаева лайық деп танылды.

«Білімді насихаттағауға үлес қосқаны үшін» номинациясына Ұлжан Ботбаева, Дамир Нуркежанов, Сандуғаш Аманқұл лайық деп танылды.

«Қоршаған ортаны қорғау мен сақтауға үлес қосқаны үшін» номинациясына «Ақтөбе, дыши!» қоғамдық бірлестігі, “ZhubanovZhyluy”, “EcoArsu”, Диана Мурзағалиева лайық деп танылды.

«Бейбітшілік, достық және келісімді нығайтуға үлес қосқаны үшін» номинациясына «Мария Горбачева, Руфина Усанова, Мөлдір Тілеубай лайық деп танылды.

«Тарихи-мәдени мұраны сақтау мен дамытуға үлес қосқаны үшін» номинациясына «Майдан жолы» Павлодар іздеу-зерттеу отряды» қоғамдық бірлестігі, Амина Қаржаубаева, Гүлзат Мәметнұрқызы лайық деп танылды.

«Жануарларды қорғау мәселесін реттеуге қосқан үлесі үшін» номинациясына Вероника Гузенко, "Добрые руки" қоғамдық қоры, Ләззат Көлбаева лайық деп танылды.

«Әлеуметтік мәселелерді шешуге үлес қосқаны үшін» номинациясына Әсет Сұлтанұлы,  Сергей Курилов, Солтүстік Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы «Серебряный волонтер» тобы лайық деп танылды.

Бүгінде волонтерлік елімізде жан-жақты насихатталып, оған жастар белсене қатысуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл істің маңызына тоқтала келе:

«Волонтерлік – бұл жай ғана әлеуметтік құбылыс емес. Тіпті, бір күнде қалыптасатын әдет немесе дағды деуге де болмайды. Бұл – көптеген адамдардың саналы түрде таңдаған өмір салты. Қайырымдылық – адамның бала кезінен бойға сіңетін қасиет. Сондықтан өскелең ұрпақты жастайынан жақсылық жасауға тәрбиелеу – өте маңызды міндет. Қоғамға қызмет етуді зердесіне түйген ұл-қыздарымыз нағыз азамат болары анық. Дана Абай айтқан «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» дәл қазіргі кезеңде ауадай қажет. Бұл асыл қасиеттер волонтер қатарына қосыламын деген әрбір жастың бойынан табылады деп сенемін», - деген болатын.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда 120 мыңға жуық волонтер бар.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері