Нұр-Сұлтан 17.7°
×
01.12.2021, 18:33
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Нұрсұлтан Назарбаев интернационалист еді және солай болып қала береді – Елбасының жолдастары

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бейбітшілік пен жасампаздықты ту еткен сындарлы саясатының арқасында еліміз өркендеп, әлемдік саяси аренада жоғары беделге ие болды. Елбасының бұрынғы әріптестері мен жолдастары оның көшбасшылық қасиеттері студенттік кезден және Қазақстан Магниткасында жұмыс істеген алғашқы жылдардан бастап байқалғанын үнемі атап өтеді, деп хабарлайды Elorda.info.

Нұрсұлтан Назарбаев интернационалист еді және солай болып қала береді – Елбасының жолдастары

Тұңғыш Президенттің өмірінде Теміртаудағы Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеген жылдар ерекше орын алатыны белгілі. Сол кезде металлург болып еңбек етіп жүрген Нұрсұлтан Назарбаев алғашқы қазақстандық шойынды балқытуға қатысты. Бұл 60-шы жылдар еді. Осы шақтың өзінде, Елбасының әріптестері атап өткендей, оның өзгелермен тіл табысқыш және көшбасшылық қасиеттері айқын аңғарылып тұратын.

"Нұрсұлтан Назарбаев пен оның достары комбинатқа Днепродзержинскідегі кәсіптік техникалық училищені бітіргеннен кейін келді. Жігіттер өздерін сенімді ұстады, өйткені олар Украинада осы мамандықтың қыр-сырын әбден үйреніп келген-ді. Сол кездің өзінде Нұрсұлтан Назарбаев олардың арасынан ерекше көзге түсетін. Қатарының алды, топтың сәні болатын. Күші де мығым еді, күреспен айналысатын”, – дейді оның цехтағы әріптесі болған Владимир Колбаса.

Тұңғыш Президенттің тағы бір досы және әріптесі Төлеутай Сүлейменов те оның еңбекқорлығы мен қолынан іс келетінін айтады:

"Мен Нұрсұлтан Назарбаевпен алғашқы шойын балқытқан кезде таныстым. Екеуміз үшін де бұл бір қуанышты уақиға еді. Төртінші разрядты көрікшіден екінші разрядты көрікшіге дейін бірге көтерілдік. 110-орамдағы бір үйде тұрғаным әлі есімде. Бөлмемізден басқаның бәрі ортақ болды. Сағаттап ыстық оттың жанында болып, жоғары температураға төтеп беру оңай болмаса да, бұл жұмысты өте жақсы орындайтын”, – дейді ол.

Елбасының металлург әріптестері оның кез келген жанжалдың тігісін жатқызып, бейбіт түрде шешіп бере алатын бітімгершілік қасиетіне сүйсінгендерін жасырмайды:

"Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті менің курстасым әрі әріптесім екенін мақтан тұтамын. Біз онымен бір жатақханада, біраз уақыт, тіпті бір бөлмеде тұрдық. Нұрсұлтан әрқашан ортаның сәні болатын, әзіл-қалжыңы да әдемі еді әрі жанжалдарды бейбіт түрде шеше білетін. Білімді жігіт болғандықтан, КОКП тарихы, ғылыми коммунизм сияқты күрделі пәндерден еш қиналмайтын”, – дейді Ермек Төлеубаев.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері