Нұр-Сұлтан 19.7°
×
01.12.2021, 15:36
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Сатушыларға заңсыз айыппұл салған 87 полицей жазаланды

Бас прокуратура белгіленбеген жерлерде сауда жасайтын сатушылардың құқығын қорғап, оларға көбіне заңсыз айыппұл салынатынын атап өтті, деп хабарлайды Elorda.info аталмыш ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сатушыларға заңсыз айыппұл салған 87 полицей жазаланды

"Бас прокуратура белгіленбеген жерде сауда жүргізгені үшін бизнес және азаматтарды жазаға тартудың негізділігін зерделеді (ӘҚБтК-тің 204-бабының 1-бөлігі). Олар көбінесе жауатылыққа заңсыз тартылғаны анықталды. Бұл бап бойынша жауапкершілік сауда үшін арнайы орындар анықталған кезде ғана пайда болуы керек. Оларды облыстық, қалалық және аудандық әкімдер анықтайды ("Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 27, 31-баптары). Алайда, көптеген өңірлерде мұндай орындар болған жоқ, бірақ адамдарға 12-ден 27 мың теңгеге дейін айыппұл салынды", - деді бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев.

Ол Жезқазған қаласындағы жағдайды мысалға келтірді, онда бір сауда орны белгіленбеген, бұған қарамастан кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылған. Прокуратураның шаралары бойынша 38 іс тоқтатылды, қалада сауда орындары анықталды.

"Осыған ұқсас еліміздің басқа өңірінде - Ақмола облысының Зеренді ауданында прокурордың актісі бойынша сауда орындары анықталды (бұрын мұндай орындар болмаған), жауапқа тарту туралы 26 заңсыз қаулының күші жойылды. Жалпы прокуратураның шаралары бойынша 14 мыңнан астам заңсыз әкімшілік істер тоқтатылды, әкімдіктердің шешімдерімен еліміздің барлық өңірлерінде 4126 сауда орыны анықталды. Заң бұзушылықтар үшін 87 полиция қызметкері мен 26 әкімдіктің қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деді ол.

Бас прокуратураның бастамасымен Сауда және интеграция министрлігі осы сұрақты бақылауға алды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері