Нұр-Сұлтан -8°
×
30.11.2021, 22:49
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Нұр-Сұлтанда адам саудасымен айналысқан шетел азаматы ұсталды

Адам саудасымен айналысқан шетел азаматы Нұр-Сұлтанда ұсталды, деп хабарлайды Elorda.info Нұр-Cұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда адам саудасымен айналысқан шетел азаматы ұсталды

Елордалық полицейлер «Stop-трафик» жедел алдын алу шарасы аясында адам саудасы үшін іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын ұстаған.

Ол 2014 жылы Өзбекстаннан Қазақстан аумағына 6 азаматты алып шығып, жалақысы жоғары жұмысқа тұрғызуға уәде берген.

Алматыға келген соң отандастарынан төлқұжатын алып, басқа адамға берген. 7 ай ішінде олар адам төзгісіз қиын жағдайда жұмыс істеуге мәжбүр болған.

Ер адам қамауға алынды, қазір оны Өзбекстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Айта кетейік, адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу, анықтау және ашу мақсатында елордалық полиция департаменті 22 қараша мен 1 желтоқсан аралығында «Stop-трафик» жедел алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері