Нұр-Сұлтан 19.1°
×
30.11.2021, 17:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Әскери-патриоттық жастар жиынының жеңімпаздары анықталды

Елордада өткен I республикалық жас патриоттар форумының аясында «Айбын – 2021» әскери-патриоттық жастар жиынының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлады Elorda.Info.

Әскери-патриоттық жастар жиынының жеңімпаздары анықталды

Шымкент қаласы «Жас Ұлан» республикалық ерлер мектебінің оқушысы Ернұр Асланбек пен «Онтүстік» өңірлік қолбасшылығының «Жас артеллерист» әскери-патриоттық клуб мүшесі Валерия Черевко «Жас Сарбаз – жас тілшісі» номинациясына лайық деп танылды.

Сондай-ақ, «Айбын» VII республикалық әскери-патриоттық жастар жиынында үздік танылғандар марапатталды:

Жеке тәртіп бойынша 1 орын – Қарағанды қаласы, Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-бөбекжайдың тәрбиеленушісі Руслан Атантаев;

Аймақтар арасында 1 орын – Түркістан облысының «Барыс» әскери-патриоттық клубы;

Әскери мекемелер арасында 1 орын – Нұр-Сұлтан қаласының С.Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжі;

ҚР Қарулы Күштері, басқа да әскери құралымдары арасында 1 орын – «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының «Жас артиллерист» әскери-патриоттық клубы;

«Айбын» VII республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының Бас жүлдесі – «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты «Жас артиллерист» әскери-патриоттық клубы.

Ал «Үздік жас сарбаз» номинациясын Түркістан облысы «Төлеби тарландары» әскери-патриоттық клубының өкілі Сәуле Ахметова жеңіп алды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері