Нұр-Сұлтан -11.7°
×
30.11.2021, 17:20
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елімізде ескі көліктерді қабылдау тоқтатылады

1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда ескі көліктерді қайта өңдеуге қабылдау тоқтатылады. Жыл соңына дейін мамандар қабылданған техникаларға түгендеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлады Elorda.info.

Елімізде ескі көліктерді қабылдау тоқтатылады

Жалпы, биыл ел тұрғындары 50 005 ескі көлікті өткізген. Оның ішінде 37 495 – жеңіл автокөлік, 4 040 жолаушы және 8 470 бірлік жүк көлігі. Бұл ретте ӨКМ операторының мәліметі бойынша, 3 054 ауыл шаруашылығы техникасы қабылданды, оның ішінде 2 226 трактор және 828 комбайн бар.

“Ауыл шаруашылығы техникасы жыл соңына дейін қабылдана береді. Бүгінде 254 трактор мен 72 комбайн электронды кезектің брондау базасында өтінімдердің расталуын күтуде”, – делінген хабарламада.

Жеңіл және жүк көліктерін қабылдауды 2022 жылдың қаңтарынан бастап қалпына келтіру жоспарлануда.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері