Нұр-Сұлтан 18.7°
×
30.11.2021, 17:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстан Мысырға қатынайтын әуе рейстерін тоқтататын болды

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Қазақстан 3 желтоқсаннан бастап Мысырға қатынайтын әуе рейстерін тоқтататынын айтты, деп хабарлады Elorda.Info.

Қазақстан Мысырға қатынайтын әуе рейстерін тоқтататын болды

«Бельгияда Мысырдан келген адамнан Omicron штамы анықталған. Сондықтан бізде де Мысырдан келетін жолаушылар санын ескере отырып, Мысырмен әуе қатынасы уақытша тоқтатылады», – деді вице-министр.

Коронавирустың жаңа штамының қауіптілігі зерттеліп жатыр. Әлемде Omicron штамының таралуына байланысты Қазақстанда да 3 желтоқсаннан бастап шектеулер енгізілмек.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері