Нұр-Сұлтан -10.9°
×
30.11.2021, 11:05
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елімізде бір тәулікте 27 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус және пневмониядан 27 адам қайтыс болды, деп хабарлады Elorda.info Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Елімізде бір тәулікте 27 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

28 қарашада расталған ПТР анализі бар коронавирустан (КВИ+) 18 адам қайтыс болды, тағы 9 пациент (КВИ -) коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмды.

30 қарашада КВИ-дан 26 472 адам (22 895+ және 3 577 КВИ–) емделіп жатыр, оның ішінде стационарларда 5 623 пациент, амбулаториялық деңгейде 20 849 пациент бар.

Науқастар арасында:

- ауыр халде – 376 пациент,

- аса ауыр дәрежедегі жағдайда – 119 пациент,

- ӨЖЖ аппаратында – 53 пациент.

Айта кетейік елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар қатары азайып келеді. Соңғы тәулікте 654 адамнан коронавирус инфекциясы анықталса, 1 137 науқас инфекциядан емделіп шықты.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері