Нұр-Сұлтан 19.1°
×
30.11.2021, 08:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстандық дойбышылар әлем чемпионы атанды

Түркияның Анталия қаласында көру қабілеті нашар спортшылар арасында өтен «Дойбы-100» чемпионатында қазақстандықтар 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Elorda.info Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық дойбышылар әлем чемпионы атанды

“Жарыста қазақстандық Юрий Носов қарсыластарына есе жібермей, өз шеберлігін көрсетіп, топ жарды. Сонымен қатар 23 жасқа дейінгі спортшылар санатында Данил Гайнуллин де турнирде ең көп ұпай (16) жинап, алтынды олжалады. Толық зағип спортшылар арасында Болат Жанымхан күміс медальге қол жеткізді. Сондай-ақ әйелдер арасындағы бәсекеде Зинятқыз Нүсіпбаева жарыстың үздік үштігінен көрініп, қола жүлдеге ие болды”, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, дүбірлі додада Қазақстан, Түркия, Ресей, Германия, Украина, Польша, Әзербайжан, Өзбекстан елінен жиналған 60-тан астам спортшы бақ сынады.

 

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері