Нұр-Сұлтан -15.3°
×
29.11.2021, 10:40
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Ресейдің халық әртісі Александр Градский қайтыс болды

Әнші және композитор, Ресейдің халық әртісі Александр Градский 72 жасында қайтыс болды, - деп хабарлады Elorda.info lenta.ru порталына сілтеме жасап.

Ресейдің халық әртісі Александр Градский қайтыс болды
Фото: ашық көздерден

27 қарашада Градский инсульт күдігімен ауруханаға түскені белгілі болды. Ақпарат бойынша, музыкант қыркүйекте коронавирус жұқтырып, ауырып шыққаннан кейін денсаулығы сыр бере бастаған. 

"26 қарашада, жұмада Градский жақындарынан жуынатын бөлмеге жетуге көмектесуін өтінген. Осы сәтте жағдайы нашарлап, музыкант талып қалып, бір сағат есін жия алмаған", - делінген хабарламада. 

Александр Градский кеңестік және ресейлік әнші, мульти-аспапшы, ақын және композитор. Ол орыс рок стилінің негізін қалаушылардың бірі. Сонымен қатар, әнші бірнеше жыл "Ресей дауысы" музыкалық шоуына тәлімгер ретінде қатысып жүрген. 3 қарашада Градский 72 жасқа толды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері