Нұр-Сұлтан -15.8°
×
27.11.2021, 13:00
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Коронавирустың жаңа штамына атау берілді

Оңтүстік Африкадан келген коронавирустың жаңа штамы B.1.1.529 ресми түрде «омикрон» деп аталды. Бұл туралы ДДСҰ сайтында жарияланған мәлімдемеде айтылған, деп хабарлады Elorda.info.

Коронавирустың жаңа штамына атау берілді

Сарапшылардың пікірінше, коронавирустың тағы бір түрі инфекцияның таралуына қарсы күрес жүргізіліп жатқан елдерге қауіп төндіруі мүмкін.

Бұл штамм алғаш рет Оңтүстік Африкада табылды, онда соңғы апталарда инфекциялар санының күрт өсуі байқалады. Ғалымдар оны 9 қарашада жиналған үлгіден бөліп алып, сәрсенбіде ДДСҰ-ға хабарлады.

«Бұл нұсқада көптеген мутациялар бар, олардың кейбіреулері алаңдаушылық тудырады», - делінген ДДСҰ мәлімдемесінде.

ДДСҰ коронавирустың «омикрон» нұсқасы бұрынғыдан гөрі тезірек таралады деп болжады. Сондықтан жаңа штамм әлемдегі көптеген адамдарға, соның ішінде басқа штамдармен ауыратындарға қауіпті әсер етуі мүмкін.

B.1.1.529 нұсқасы Оңтүстік Африка, Ботсвана, Израильде және Гонконгқа Оңтүстік Африкадан келген туристен табылды. Бұл штамм Бельгияда да анықталды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері