Нұр-Сұлтан -15.6°
×
26.11.2021, 20:33
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қар күреуге елордалық еріктілер де жұмылды

Арқаға ертерек келетін баяғы әдетімен «кәрі құда» соңғы бірнеше күнде астаналықтарды кәдімгідей әбігерге салып тастады. Үсті-үстіне жауған күртік қарды тазалауға елорданың коммуналдық шаруашылық қызметтері күн-түн демей белсене кірісіп кеткен.

Қар күреуге елордалық еріктілер де жұмылды

Елорданың қарапайым тұрғындары да қол қусырып қарап отырмай, қар күреуге қосылып жатыр. Бүгін «Нұрсая» тұрғын үй кешендерін қақ жара өтетін бульвар бойын бір топ ерікті азамат қардан аршып, көз қуантты. Сондай волонтерлердің ішінде Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров та бар.

«Қарға әуре емес, ырыс деп қарауымыз керек. Қар көп болса, жазда қуаңшылық болмайды. Елордалықтарды бір болып, қалаға шығып, аула ішіндегі, тым болмаса көліктерінің айналасындағы қарды тазартуға шақырамын. Бұл, біріншіден, жаттығу ретінде бойымызды қыздырса, екіншіден, сейілдеп қаламыз, үшіншіден, қар күреп жүріп өзге адамдармен де әңгіме-құрып, серпіліп қалуға болады», – дейді депутат.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері