Нұр-Сұлтан -15.4°
×
26.11.2021, 17:27
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Болашақпен» оқып жүр, талай қазақ баласы...»

«Болашақ» бағдарламасы 1993 жылы қабылданды. Өзге салалар тұралап тұрған тұста бұл бір жаңа әлемге бастап апарар ертегідегідей есік болып көрінген. Бүгінде осы стипендияның арқасында 14 мыңнан аса талантты жас шетелде білім алып қайтты.

«Болашақпен» оқып жүр, талай қазақ баласы...»

«Бұл бағдарламамен оқу – өзіңе инвестиция салумен бірдей. Өз басыма тоқталсам, әуелі мен тіл үйрену үшін Лос-Анжелеске кеттім, содан соң құжаттарымды тапсырып университетке түстім. Қазір ағылшынша еркін сөйлеп, жаза аламын, онымен қоса әлемдегі ең үздік университеттердің бірінде сапалы білім алдым. Мұндай мүмкіндікті бергені үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысым зор», - дейді отандық журналист Ламбриан Топузидис.

2008 жылдан бастап ғылыми және педагогикалық қызметкерлерге ғылыми тағылымдамаған өтуге мүмкіндік беріліп, сонымен қоса ауыл жастарына, мемлекеттік қызметшілерге, педагогтарға арнап квота енгізілді.

«Білім саласы бойынша оқып келген 1000-нан аса түлегіміз бар, оның 800-ден астамы – практик мұғалімдер. Түлектеріміздің жартысынан көбі орта және жоғары звенода басшылық қызмет атқарып жүр», - дейді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрбозова.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері