Нұр-Сұлтан -15.6°
×
26.11.2021, 17:30
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Каспий маңынан архозавр қалдығы табылды

Қазақстандық геологтар Каспий маңы ойпатындағы керннен архозавр қалдықтарын тапты. Ол бұдан 200 миллион жыл бұрын өмір сүрген болуы мүмкін, - деп хабарлайды Elorda.info inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Каспий маңынан архозавр қалдығы табылды

Бұл зерттеуді "ҚМГ Инжиниринг" ЖШС Каспий маңы бассейнінің триас және жоғарғы-пермь шөгінді жиналу түзілімдерін зерделеу жұмысының аясында жүргізіп жатқан болатын. Жоба барысында триас кезеңінің (250 млн – 205 млн жыл бұрын) бауырымен жорғалаушылар класына жататын қолтырауындардың ата тегі болып табылатын, күрделі торлы құрылымы бар ашық сұр түсті жас архозаврдың жақ сүйегі табылды.

"Каспий маңы ойпаты үшін бұл ерекше жағдай, өйткені, Шығыс Еуропа платформасында триас архозаврларының табылуы сирек кездеседі. Қазіргі уақытта компьютерлік томография әдісімен "үлгі" сканерленді. Дәлірек сипаттама алу үшін сүйектер негізгі жыныстардан арнайы құралдар мен инструменттер көмегімен тазартылады, содан кейін "үлгі" әрі қарай толыққанды зерттеу үшін профильдік институтқа жіберіледі", – дейді компанияның кернді талдау қызметінің басшысы Никита Пронин.

Еліміздің геолог ғалымдары осындай геология саласындағы қызықты олжалар микрофауна мен жалпы палеонтологияны зерттеуге түрткі болады деп үміттенеді. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері