Нұр-Сұлтан -15.6°
×
26.11.2021, 15:15
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада Pfizer вакцинасын қанша адам алды

Елордада Pfizer екпесімен вакцинация басталғалы 5 873 адам екпе салдырып үлгерді. Соның  ішінде 3 981 адам – 12-17 жастағы балалар. Мамандар күзгі маусымда балалардың жаппай тұмаумен ауруы екпе қарқынына әсер ететіндігін ескертті, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада Pfizer вакцинасын қанша адам алды

«Күзде тұмау өршіп, көп балалар ауырып шықты. Сондықтан ата-аналар балалары әбден жазылғасын барып екпе салдырғалы отыр деп ойлаймын. Ал кейбір ата-аналар жалпы істің аңысын аңдып, артын бағады. Өз басым біраз уақыттан кейін көп ата-аналар екпе салдыруға келісім береді деп сенемін. Түбі екпенің пайдасына көз жеткізеді. Ал салдырмаймын десе де ешкімге қысым көрсетілмейді. Екпе әркімнің өз қалауымен ғана салынады. Ешкімді мәжбүрлей алмаймыз, оның қажеттілігі де жоқ. Себебі вакцина ол адамның өзіне керек, өзін қорғауы үшін саналы түрде барып салдырғаны жөн. Өзім екі балама да екпе салдырамын», – дейді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов El-Orda YouTube арнасына берген сұхбатында.

Ол кей ата-аналардың баласына екпе салдыруға қарсы болуын қазіргі ақпараттық дәуірдегі ғаламтордан оқитын жағымды, жағымсыз мәліметтердің әсері деп санайды.  

«Жалпы қазіргі заманның дамығаны соншалық екі көзіміз ұялы телефоннан, интернеттен босамайтын болды. Оқымайтын, көрмейтін нәрсенің бәрін көреміз, талғамай, таңдамай қабылдаймыз. Адамзаттың қазір болмысы солай – негатив ақпаратқа сене бергісі келеді. Білімді мамандардың сөзіне, уәжіне құлақ аспайды, кейбір кісілерге көршінің айтқаны сенімді шығады. Вакцина салуға бүкіл әлемде сенім төмендеу. Бірақ адамзат тарихындағы талай қауіпті дертті тек екпенің күшімен жеңгеніміз анық», - деді ол.

Райхан Рахметова

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері