Нұр-Сұлтан -15.5°
×
26.11.2021, 14:50
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Ақылы жолдарда қызмет көрсету орталықтары ашылды

Республикалық маңызы бар жолдарда және қалаларда ақылы жолдар бойынша 7 қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Ақылы жолдарда қызмет көрсету орталықтары ашылды

Орталықтарға ақылы учаскелер бойынша қандайда бір сауалдар туындаған жағдайда немесе абонементтерді ресімдеу үшін жүгінуге болады. Бұдан бөлек, жүк тасымалына қатысты қызмет көрсететін ұйымдардың келісімшарт жасасу және алдын ала төлем жасау туралы толық мәлімет алу мүмкіндігі бар.

Ақылы жолдар бойынша қызмет көрсету орталықтарының орналасқан жері:

1. «Қапшағай – Талдықорған», 252+150 шақырымда сол жағынан (Талдықорған қаласынан шыға берісте), Талдықорған қаласы аумағында Қапшағай бағытында орналасқан.

2. «Тараз – Қайнар», 453+300 шақырымда оң жағынан (Ақшолақ а.), Тараз қаласынан шыға берісте Қайнар ауылына баратын бағытта, Тараз қаласынан 37 шақырым жерде орналасқан.

3. «Шымкент – Қызылорда», 2127+000 шақырымда оң жағынан (Иқан а.); Түркістан қаласынан Шымкент шаһарына шыға берісте, Түркістан қаласынан 15 шақырым жерде орналасқан.

4. «Шымкент – Тараз», 648+500 шақырымда оң жағынан (Машат а.), Шымкент шаһарынан Тараз қаласына баратын бағытта, Шымкент қаласынан 28 шақырым жерде орналасқан.

5. «Шымкент – Өзбекстан шекарасы, 792+000 шақырымда оң жағынан, Атамекен ауылынан Шымкент қаласына баратын бағытта, Шымкент қаласынан 86 шақырым жерде орналасқан.

6. «Нұр-Сұлтан – Павлодар», 20+400 шақырымда сол жағынан (Қоянды а.), Нұр-Сұлтан қаласынан Павлодар қаласына баратын бағытта, Нұр-Сұлтан қаласының аумағында орналасқан.

7. «Нұр-Сұлтан – Павлодар», 1239+500 шақырымда оң жағынан (Бәйет а.), Павлодар қаласына баратын бағытта, Нұр-Сұлтан қаласынан 239 шақырымда және Екібастұз қаласынан 53 шақырым жерде орналасқан.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері