Нұр-Сұлтан -15.5°
×
26.11.2021, 13:35
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Коронавирустың тағы бір жаңа штамы анықталды

Оңтүстік Африка респуликасында B. коронавирустың 1.1.529 атауы бар жаңа мутациясы анықталды. Бұл туралы BBC агенттігі жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Коронавирустың тағы бір жаңа штамы анықталды

«Бұл нұсқа бұрынғыларға қарағанда әлдеқайда жұқпалы және вакциналардың оған әсері тиімсіз болуы әбден мүмкін», – деп баяндады агенттікке берген сұхбатында оңтүстікафрикалық эпидемиолог, профессор Салим Карим.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары жағдайды бағалау үшін Оңтүстік Африка республикасында осы елдің шенеуніктерімен кездеседі. Вирустың жаңа нұсқасына грек алфавитінің бір әрпімен («дельта» нұсқа сияқты) атау берілуі мүмкін.

Жаңа штамм «Ню» деп аталуы жоққа шығарылмайды. Бейсенбі кешінде Ұлыбритания билігі Африканың бірнеше мемлекетінен (ОАР, Нимибия, Зимбабве, Боствана, Лесото және Эсватини) келушілер үшін міндетті карантин енгізді. Бұл мемлекеттерден Британияға әуе рейстеріне уақытша тыйым салынған.

Әзірге Оңтүстік Африка респуликасында, Гонконг және Бостванада жаңа нұсқаны жұқтырудың 59 оқиғасы расталды. Ол алғаш рет Претория ауданындағы бірнеше студенттен анықталған.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері