Нұр-Сұлтан 19.7°
×
26.11.2021, 11:55
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Түнгі клубта төбелескен қыздар анықталды

Қарағандыда түнгі клубта қыздар төбелесті, деп хабарлады Elorda.info.

Түнгі клубта төбелескен қыздар анықталды

20 қараша күні сағат 01.30 шамасында Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне клубтардың бірінде клиенттер арасында жанжал туындағаны туралы хабарлама келіп түскен.

“Бірер минуттан кейін оқиға орнына Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері барды. Мән-жайды анықтай келе, белгісіз әйел мен 20 жастағы бойжеткеннің арасында жанжал шығып, бойжеткеннің жарақат алғаны белгілі болды. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында полицейлер күдікті Жезқазған қаласының 25 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады”, – делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері