Нұр-Сұлтан -15.8°
×
26.11.2021, 10:15
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Коронавирус пен пневмониядан бір күнде 14 адам қайтыс болды

Қазақстанда 24 қарашада бір тәулікте коронавирус пен онымен байланысты пневмониядан 14 адам қайтыс болды, деп хабарлады Elorda.info Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Коронавирус пен пневмониядан бір күнде 14 адам қайтыс болды

Расталған ПТР анализі бар коронавирустан (КВИ+) 13 адам қайтыс болды, тағы бір пациент коронавирус белгілері бар пневмониядан (КВИ-) көз жұмды.

Сондай-ақ, 24 қарашада дәрігерлер ковидті пневмонияның 92 жағдайын тіркеді.

26 қараша күні таңертең COVID-19 инфекциясынан 27 696 адам (24 635 КВИ+ және 3 787 КВИ-) емделіп жатыр, оның ішінде стационарларда – 5 857 пациент, үйде – 21 839.

Науқастар арасында:

  • ауыр халде – 422 пациент;
  • аса ауыр халде – 121 пациент;
  • ӨЖЖ аппаратында – 81 пациент.

Айта кетейік, соңғы тәулікте Қазақстанда 971 адамнан коронавирус инфекциясы анықталса, 1 284 науқас емделіп шықты.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері