Нұр-Сұлтан 19.1°
×
26.11.2021, 11:05
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Пранк ұйымдастырған қазақстандық блогерлер сотталды

Ресейде такси ұрлап пранк жасамақ болған қазақстандық блогерлер бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Elorda.Info Мәскеу прокуратурасының сайтына сілтеме жасап.

Пранк ұйымдастырған қазақстандық блогерлер сотталды

24 жастағы Рамир Хасанов, 29 жастағы Айдын Түсіпов және 31 жастағы Ерсін Дүмшебай Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 166-бабы, 2 бөлігі "а" тармағы (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының көлікті айдап әкетуі) бойынша айыпталған. Сот отандастарымызды үш жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу туралы үкім шығарды. Сотталғандар сот залында қамауға алынды.

Атап айтар болсақ, оқиға биылғы наурыз айында болған. Блогерлер мобильді қосымша арқылы «Мәскеу-Сити» сауда орталығына премиум-класты таксиге тапсырыс беріп, сол жерде пранк жасамақ болған. Жүргізуші олардың өтініші бойынша сөмкелерді жүксалғышқа салып жатқанда, айыпталушылардың бірі рөлге отырып, көлікті айдап кеткен. Блогерлердің бірі болған жағдайды камераға түсіріп алған.

Бірнеше минуттан кейін айыпталушылар қайтып келіп, жүргізушіге әзілдеп жатқандарын түсіндірген. Алайда, полицияда көлік ұрлау бабымен қылмыстық іс қозғалып, жас жігіттер қамауға алынған еді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері