Нұр-Сұлтан -15.8°
×
25.11.2021, 21:47
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Эйр Астана» Үндістанға тұрақты рейстерін қайта ашады

«Эйр Астана» әуе компаниясы Үндістанға тұрақты рейстерін қайта бастайды, деп хабарлайды Elorda.info.

«Эйр Астана» Үндістанға тұрақты рейстерін қайта ашады

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, 2021 жылғы 16 желтоқсаннан бастап «Эйр Астана» әуе компаниясы Алматы – Дели – Алматы бағыты бойынша Үндістанға аптасына 3 рейс жиілікпен тұрақты рейстер орындауды бастайды.

«Рейстер А320 үлгісіндегі әуе кемесімен сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері орындалатын болады. Рейстер әуе компанияның ресми сайтында жарияланған кестеге сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып орындалатынын атап өтеміз», – делінген министрлікті Telegram парақшасында жарияланған ақпаратта.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері