Нұр-Сұлтан -4.8°
24.11.2021, 22:56
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордалықтар ауа сапасын мобильді қосымша арқылы бақылай алады

Астанада ауа сапасын тексеретін арнайы мобильді қосымша іске қосылды, деп хабарлайды Elorda.info.

Елордалықтар ауа сапасын мобильді қосымша арқылы бақылай алады

«Мобильді қосымша AirKz деп аталады, ол мемлекеттің қаржатына әзірленді. Онда ауа сапасы туралы өзекті ақпарат көрсетіледі. Егер экранда қызыл, сары немесе қызғылт сары түс көрсетке демек ауа лас, адам үшін қауіпті деген сөз. Ондай жағдайда адамдарға көшеге шығуға немесе терезені ашуға кеңес берілмейді. Ал жасыл түс көрсетілсе, терезені де ашып, далаға да еркін шығуға болады. Бұл халықты ақпараттандырудың бір түрі. Бұл ауа сапасы мен кәсіпорындардың жұмысын реттеп, жоспарлау үшін қажет», - дейді практикалық экологтар қауымдастығының басшысы Лаура Мәлікова.

Мобильді қосымшаны AppStore және PlayMarket дүкендерінен жүктеп алуға болады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері