Нұр-Сұлтан -0.8°
24.11.2021, 21:54
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Астанада жануарларға қалай көмектесуге болады

Елордада үйсіз жануарларға арналған қандай танымал панаханалар бар, біз солардың бірнешеуін тізіп шықтық. 

Астанада жануарларға қалай көмектесуге болады

Жануарларға арналған «Спаси друга» панаханасы

Бұл панахананың жұмысы 1999 жылы басталған. Қазір мұнда волонтерлер қаңғыбас жануарларды орналастырып, оларды мейірімді адамдардың қолына табыстауға көмектеседі. Бүгінде бұл панаханада 80 мысық пен 8 ит бар.

Панаханаға қалай көмектесуге болады: Жануарлар санының көптігінен жаңа үй қажет. Қазір осыған қайырымдылық ретінде қаражат қосуға болады. Сонымен қоса жануарлардың ас-ауқаты, толтырғыштары және дәрі-дәрмектері үшін де қосымша ақша керек. Мұнда әрқашан волонтерлер қажет, сондықтан кез келген адам жануарларды құтқаруға өз үлесін қоса алады.

 

Қаңғыбас мысықтарға арналған «Ковчег» панаханасы

Панахана 2013 жылғы 15 қазанда ашылған. Бұл панахана қайырымды тұрғындардың ақшалай көмегінің арқасында ғана жұмыс істеп тұр.

Панаханаға қалай көмектесуге болады:  Панахана әркез дәрі-дәрмекке, шприцке, төсенішке, ас-ауқатқа, мысықтардың әжетханасына арналған толтырғыштарға, ыдыс-аяққа мұқтаж.

 

Жануарларды қорғауға арналған Астаны Zverohelp Astana волонтерлік қозғалысы

Бұл қозғалыс 2014 жылы қаңғыбас жануарлардың көптігі мәселесіне адамдардың назарын аудару үшін әлеуметтік желілердің бірінде парақша ашудан басталған. Волонтерлер тобы қаңғыбас жануарларға үй тауып береді, жоғалған жануарларды іздестіреді және оларға шұғыл көмек берумен айналысады. Волонтерлердің қарауында 50 шақты жануар бар.

Панаханаға қалай көмектесуге болады: Панахана жануарларға арналған ас-ауқатқа, толтырғышқа, сондай-ақ ақпараттық қолдауға мұқтаж.

Байланыс нөмірі: +7 747 113 59 18 

 

Inucobo жануарларды қорғау қауымдастығы

Қауымдастық 2011 жылы құрылған. Сол жылы қауымдастықтың негізін салушылар Ақмола облысының Целиноград ауданы Отаутүскен ауылында иттерге арналған алғашқы панахана ашады. 2013 жылы панахананың атауы «Дорога домой» болып өзгеріп, «Серебряный клык» атты жекеменшік қорға өтеді.

2013-2017 жылдары Inucobo волонтерлердің қоғамдық бірлестігі ретінде жұмыс істейді. 2018 жылы Қазақстанның жануарларды қорғау қауымдастығы ретінде жұмысын жалғастырады. 

Панаханаға қалай көмектесуге болады: Қауымдастық мүшесі немесе волонтер болуға болады.

Байланыс нөмірі: +7 701 722 86 12

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері