Нұр-Сұлтан -8.3°
24.11.2021, 21:09
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қызанақтың қабығынан азық-түлік қаптамасы мен зиянсыз лак жасауға болады

Малагадағы субтропиктік және жерортатеңіздік бау-бақша шаруашылығы институтының ғалымдары қызанақтың қабығынан биопластик жасап шығарды, деп хабарлайды Elorda.info The Mayor басылымына сілтеме жасап.

Қызанақтың қабығынан азық-түлік қаптамасы мен зиянсыз лак жасауға болады

Мұндай биопластик теңіз суында шамамен бір айдың ішінде ыдырайды. Ал кәдімгі пластик бұйымдардың ыдырауына 450 жыл керек болатын.

Кетчуп пен сальса өнеркәсіптік өндірісінен кейін қалатын қызанақ қабығынан азық-түлік қаптамасы мен зиянсыз лак жасауға болады. Жаңа биопластик бірден екі проблеманы шешуге көмектеседі: біріншіден, ол азық-түлік қалдықтарын азайтса, екіншіден қоршаған ортаның ластануына тосқауыл болады.

Әзірге мұндай биопластик жаппай шығарылады деп тұжырым жасауға ерте. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері