Нұр-Сұлтан -0.8°
24.11.2021, 16:20
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

ҚР Ұлттық қорының 530 миллион АҚШ доллар активіне салынған тыйым алынады

Кәсіпкерлер Анатол мен Габриель Стати ҚР Ұлттық қорының активтеріне Бельгияда уақытша салынған тыйым күшін жоюды қажет ететіндігін мойындады. Бұл Қазақстан Республикасы мен Ұлттық банкіге қарсы Бельгиядағы процесте Статидің ешқандай перспективасы жоқ екендігінің белгісі, деп хабарлады Elorda.Info ҚР Әділет министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Ұлттық қорының 530 миллион АҚШ доллар активіне салынған тыйым алынады

«Стати салған тыйымның алынуы Брюссель Апелляциялық сотының 2021 жылғы 16 қарашадағы шешімінің тікелей нәтижесі. Бұл шешім Статидің ірі көлемдегі алаяқтық схемаға қатысы бар және ол тек төрелік сотты ғана емес, сонымен қатар төрелік шешімнің күшін жою жөніндегі процесс кезінде Швеция соттарын да жаңылыстырғанын анықтады», - делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетсек, Габриель Стати Бельгиядағы сот талқылауын 2017 жылдың соңында қозғады. Бұл 2018 жылғы мамырда «Bank of New York Mellon»  сақтауындағы ҚР Ұлттық қорына тиесілі 530 миллион АҚШ долларына тыйым салынуына әкеп соқты.

Бүгінгі жаңалықтарды түсіндіріп өткен Әділет министрі Марат Бекетаев:

«Бельгиядағы 530 миллион АҚШ долларына тыйым салудан Статидің өз еркімен бас тартуы – олардың ірі көлемдегі алаяқтық әрекеттерінің салдарының бірі ғана. Стати мен олардың сыбайластарының, оның ішінде Дэниел Чапман мен оның Аргентем Крик компанияларының алаяқтығынан заңның үстемдігін қорғау жолында Әділет министрлігі қол жетімді барлық құралдарды қолданатын болады. Бұл құқықтық қорғау құралдары Республикаға қарсы Статимен жалған және заңсыз қудалау науқанын жүргізіп жатқан Бельгияда және басқа да юрисдикцияларда бар», - деп атап өтті.

Сонымен қатар ҚР Әділет министрлігі қосымша хабарлап өткендей, уақытша тыйым салу процесі аясында Лондонның Жоғарғы сотында бөлек сот процесі болған. Оның нәтижесінде 2020 жылғы наурызда Республика мен Ұлттық банк пайдасына шешім қабылданды. Осы Лондондағы процесте Жоғарғы соттың 2021 жылғы ақпандағы Республика мен Ұлттық банктің 3,7 миллион доллар көлеміндегі сот шығындарын төлеуге міндеттейтін шешім Статидің жеңілісінің нәтижесі болды. Алайда, Стати шешімді осы уақытқа дейін орындамады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері