Нұр-Сұлтан -0.8°
24.11.2021, 16:00
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Коронавирус: ДДСҰ Еуропа елдеріне алаңдаулы

Коронавирус Еуропаны қатты қысымға алып отыр. Бүгінде құрлықта адам өліміне бірінші себеп – осы COVID-19 вирусы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының аймақтық бюросында Еуропада ағымдағы беталыс сақталса, алдағы жылдың наурыз айына қарай ковидтен болған асқынудан қайтыс болғандар саны екі миллионнан асатынына алаңдап отыр, деп хабарлады Elorda.Info euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Коронавирус: ДДСҰ Еуропа елдеріне алаңдаулы

«Алдымызда күрделі қыс тұр. Бірақ үмітімізді үзбеуіміз керек. Себебі барлығымыз – үкіметтер, денсаулық сақтау органдары, әрқайсымыз эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін батыл шаралар қабылдай аламыз», - деп жазды Twitter-де ДДСҰ Еуропалық бюросының директоры Ханс Клюге.

Коронавирустың жылдам таралуына үш фактор әсер етуде. Біріншіден, Еуропада өте жұқпалы дельта нұсқасы басым болуда. Екіншіден, бірқатар елдерде шектеулер жеңілдетілген. Ал үшіншіден, көптеген еуропалықтар әлі де вакцина салдыртпаған. ДДСҰ тұрғындарға екпені белсендірек салуға кеңес береді.

Сондай-ақ, вирустың алдын алу шаралары – маска тағу, қол жуу, бөлмелерді желдетіп отыру, қашықтықты сақтауды ұмытпау керек.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері