Шығыс Қазақстан облысындағы Шар қаласында жаппай төбелес болды. Оған қатысты облыстық Полиция департаменті ресми хабар таратты, деп хабарлады Elorda.info.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан қолына таяқ ұстаған бір топ адамды көруге болады.
"Аталған факті бойынша 23 қарашада ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның нәтижелері бойынша тиісті процестік шешім қабылданатын болады. Зиян келтіру және дене жарақатын салу туралы өтініштер түскен жоқ. Қылмыстық істі тергеу және болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау департамент басшылығының ерекше бақылауына алынды", - деп жазылған полиция ақпарында.