Нұр-Сұлтан -4.8°
24.11.2021, 07:07
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Бүгін елордада қандай іс-шаралар өтеді?

Elorda.info бүгін, яғни 24 қараша күні Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

Бүгін елордада қандай іс-шаралар өтеді?

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

10.00-де Астана Халықаралық университетінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Заң ғылымы дамуының жаңа көкжиектері және ұлттық заңнаманы жетілдіру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

10.00-де «Zооm» сервисінің бейнеконференцбайланыс платформасында Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының жетінші сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады.

11.00-де «Самұрық-Қазына» Қорындағы инновациялық даму туралы баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: «Самұрық-Қазына» АҚ стратегия, тұрақты даму және цифрлық трансформация жөніндегі басқарушы директоры Ерлан Дұрмағамбетов. Трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/user/SKazyna.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Ақылы автомобиль жолдарын енгізу туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: ҚР ИИДМ автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин; «ҚазАвтоЖол «ҰК« АҚ Басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

14:00-де «Сот жүйесіндегі сот кеңестерінің ролі мен орны және олардың заманауи модельдері» тақырыбында халықаралық онлайн дөңгелек үстел өтеді. Форумның трансляциясы төмендегі сілтеме бойынша жүргізіледі: https://www.youtube.com/watch?v=poDqDXf0nSo.

15.00-де Сенатта «Заңнамалық базаны жетілдіру және Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі сауда салаларында тиімді саясатты іске асыру» тақырыбында Үкімет сағаты өтеді.

16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Ақылы автомобиль жолдарын енгізу туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: ҚР ИИДМ автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин; «ҚазАвтоЖол «ҰК« АҚ Басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

17.00-де Zoom алаңында Қазақстан астанасының өзекті экологиялық проблемалары мен шешу жолдары талқыланатын «Urban talks« қалалық талқылауы өтеді. Талқылауға әкімдіктің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ғалымдар, белсенділер және қала тұрғындарының өздері қатысады.

17.50-де төтенше жағдайлар министрі Ю.Ильиннің қатысумен «Абай шахтасында ТЖ тергеу бойынша үкіметтік комиссия жұмысының қорытныдысы» туралы брифингі өтеді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері