Нұр-Сұлтан -4.2°
23.11.2021, 16:20
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Назарбаев «Nur Otan» партиясындағы өз өкілеттігін Тоқаевқа тапсырды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы төрағасы лауазымын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткізді. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібаев өзінің Twitter-парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Назарбаев «Nur Otan» партиясындағы өз өкілеттігін Тоқаевқа тапсырды

Нұрсұлтан Назарбаев Президенттіктен кеткеннен кейін «Nur Otan» партиясының төрағасы лауазымында қалған еді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Nur Otan» партиясына 22 жыл жетекшілік етті.

Бүгін партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында «Nur Otan» партиясының төрағасы лауазымы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа берілді.

"Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының төрағасы өкілеттігін тапсыру туралы шешім қабылдай отырып, партияны ел Президенті басқаруы керектігін атап өтті. Өкілеттікті беру рәсімі партия жарғысына сай жүзеге асатын болады", - делінген Айдос Үкібайдың жазбасында. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері